Допинг дауына байланысты Головкин промоутері жекпе-жек өткізу құқынан айырылуы мүмкін
Допинг дауына байланысты Головкин промоутері жекпе-жек өткізу құқынан айырылуы мүмкін
5,186
оқылды

Невада штатының спорт комиссиясы (NSAC) Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирнге 20 желтоқсанда допинг үшін шеттелген Хулио Сезар Чавес (51-3-1, 33 КО) жекпе-жегін өткізетін болса, санкция қолданатынын ескертті, – деп хабарлайды AllBoxing.Ru.

Мұның алдында бұл жекпе-жек 20 желтоқсан АҚШ-тың Финикс қаласында өтеді деп жоспарланғаны хабарланған. Ал оған дейін кездесуді Лас-Вегаста өткізу жоспарланған болатын, алайда, Чавес Неваданың спорт комиссиясы тарапынан допинг тест өтпегені үшін шеттелген. 20 қарашада боксшыға лицензияны қайтару мәселесі қаралатын комиссия отырысы өтеді.
Дегенмен, Эдди Хирн 8 қарашада Джейкобс және Чавес қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді. АҚШ-та кәсіпқой бокс ережелерін реттейтін Мохаммед Али акті бойынша, кез келген штат комиссиясының шешімі Американың барлық аумағында жарамды болғандықтан, NSAC промоутер ісін заң бұзу деп қарастыруда.
«Эдди Хирнге Matchroom Невада штатының заңын бұзса, қандай салдар болатынын ескерттім. Бұл компанияның лицензиясын ұзарту кезінде ескеріледі. Бұл хат жазылған уақытта ешқандай әрекет жасалмады, яғни, Неваданың спорт комиссиясының тәртіптік шара қолдануға негізі бар», - делінген NSAC басшысы Боб Беннеттің хатында. 

Хирннің өзі Yahoo Sports баслымына берген сұхбатында NSAC басшысынан хат алғанын растады, дегенмен, қазір оны заңгерлер қарастырып отырғанын айтып, пікір білдіруден бас тартты.