Сақтау мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек сатылуы мүмкін
Сақтау мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек сатылуы мүмкін
153
оқылды

Cебебі, ішкі нарықта уақыты өтіп кеткен дәрілер сатылуы мүмкін.

Осындай мерзімі өтіп кеткен тауар Сарыағаш ауданынан анықталды. Ресейден Өзбекстанға контрабандалық жолмен өтіп бара жатқан көлікті түркістандық тәртіп сақшылары тоқтатқан. Облыстық полиция департаментінің айтуынша, дәрінің белгілі бір бөлігі Түркістан облысына арналған көрінеді. Жүк көлігінен, жиыны 34 млн теңгенің 250-ден астам дәрі-дәрмек қорабы табылды. Олардың ішінде, бисептол, кетонал, глицин, попадол сияқты қолжетімді дәрілер де бар.

Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова: «Бұл жүктің қожайыны – Өзбекстан Республикасының азаматы. Дәрі-дәрмектерді Ресей Федерациясынан Өзбекстанға алып бара жатқан. Дәрі-дәрмектердің пайдалану уақыты да өтіп кеткені белгілі болды», – деді.