Мәйіт 8 қарашада табылған. Содан кейін қалада «Ұстау» операциясы өткізілді. Құқық қорғаушылар күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ұстаған.
Қазір күдікті тергеу изоляторында отыр, тергеу жүріп жатыр.
«Дене табылғаннан кейін полицейлер келіп, мына жерде фото-видео түсірді. Мен қайтыс болған адамды танымаймын, есімі Витя болған сияқты. Арасында ішетін, басқа ештеңе айта алмаймын. Ауданымызда қылмыс жоғын айтқым келеді, 20 жылдан бері өзіме ешкім тиіспеді. Ауызбіршілік бар. Полиция жақсы жұмыс істейді, көмектескендері үшін рақмет», – деді «Қайнар бұлақтың» тұрғыны Қорғанбай Досметов.
Қылмыстың мән-жайы айтылмады, тек қана ұсталған күдіктінің 2001 жылы туғаны белгілі болды.
«Биыл 8 қарашада Қаратау ауданының «Қайнар бұлақ» тұрғын үй массивінде 1967 жылы туған ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Шымкент қаласы ПД Қаратау аудандық полиция басқармасы ҚК 99-бабы 1-бөлігіне («Өлтіру») сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады. 2001 жылы туған күдікті ұсталды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды», – деді тергеуші Бауыржан Тюльбашев.