Профессор никотинді жеткізудің электронды жүйелерін қарапайым темекіге теңестіру мағынасыз деп санайды
Көптеген тәуелсіз ғылыми зерттеулердің нәтижелері қазіргі балама өнімдерді пайдалану дәстүрлі темекі шегумен салыстырғанда, орташа есеппен зияндылығы 95%-ға аз екенін растайды. Ұлыбритания, Чехия және Греция сияқты елдердің үкіметтері тәуекелге бағытталған реттеуді таңдады, оған сәйкес ағзаға өнімнің зияны төменірек болса, оны тұтынушы үшін қолжетімді ету керек. Бұл ұстаныммен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жетекші әлемдік сарапшылар, ғалымдар мен дәрігерлер де келіседі. Олар бір дауыспен тәуекелге бағытталған реттеуге көшу шылым шегуге қарсы күрестің ең жақсы тәсілі екенін мәлімдейді.
Қазіргі күні Ресей мен Қазақстанда да жаңа өнімдерді реттеу мәселелері қызу талқылануда, темекі шегуге балама, зияны аз өнімдерді ерекше реттеудің пайдасы туралы Ресейдің қатерлі ісікке қарсы қоғамының президенті Давид Заридзе "Говорит Москва" радиостанциясына берген сұхбатында айтты.
«Бұл құрылғылар дәстүрлі темекіден мүлдем өзгеше. Кейбіреулерінде тіпті табак жоқ – бұл электронды темекі, ал кейбіреулерінде табак бар, ол жанбайды, қыздырылады, және тиісінше канцерогендік заттар бөлінбейді. Ал, біз олардың қатерлі ісіктер мен басқа да аурулардың дамуы үшін негізгі фактор екенін білеміз. Іс жүзінде бұл – қауіп-қатері төмен өнімдер» деп атап өтті онколог.
Сонымен қатар, Давид Заридзенің пікірінше, мұндай құрылғылар бағасының артуы көптеген темекі шегушілерді өз денсаулығына қауіпті дәстүрлі темекіге оралуға итермелеуі мүмкін. Профессор никотинді жеткізудің электронды жүйелерін (электронды темекі, темекіні қыздыру жүйелері және т.б. - ред.) қарапайым темекіге теңестіру мағынасыз деп санайды. Ол сондай-ақ, батыста никотинді жеткізудің электронды жүйелерінің адам денсаулығына әсері мұқият зерделенетінін еске салып, FDA (Food and Drug Administration - Азық-түлік және дәрі-дәрмектерді басқару) тамақ өнімдері мен дәрілік заттардың сапасын бақылау бойынша америкалық агенттіктің зерттеулерін тілге тиек етті. Аталмыш зерттеулер құрамында никотин бар электронды өнімдерді пайдалану кезінде қарапайым темекі шегуге қарағанда орташа есеппен 95%-ға зияны аз заттар бөлінетінін меңзейді. Заридзе Ұлыбритания, Франция және Канадада мемлекеттері электронды темекіні дәстүрлі темекі шегуден бас тарту құралы ретінде пайдаланатыны туралы да атап өтті.