Серік Сәпиев Токиода кімнен медаль күтеді?
Серік Сәпиев Токиода кімнен медаль күтеді?
161
оқылды

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасында медаль күтетін спортшыларды атады. Ол бұл пікірін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Әрине, өткен жазғы Олимпиада ойындарында (Рио) медаль алған спортшылардан үміт күтеміз. Мәселен, қазірдің өзінде Ольга Рыпакова мен Дмитрий Баландинде лицензия бар. Олардың көрсеткіштері жақсы екенін қазір көріп отырмыз. Жекпе-жек түрлерінен, бокстан медальді көптеп алармыз деген үміт бар. Күрестен Әлем чемпионатының қорытындысын жасадық. ӘЧ-дан күрес бойынша медаль алғандардан да жүлде күтеміз. Бокстан лицензиялық Әлем чемпионаты келесі жылы ақпанда өтеді. Нақты есімін ата десеңіздер, күрес түрлерінен Нұрислам Санаев пен Мейрамбек Айнағұловтың бабы жақсы. Спорттық құзға өрмелеуден Ришат Хайбуллин де жақсы нәтиже көрсетті», – деді Серік Сәпиев.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы боксшылардан Абылайхан Жүсіповтен, Василий Левиттен, Қамшыбек Қоңқабаевтан, Бекзат Нұрдәулетовтен, Қайрат Ералиевтен медаль күтетінін айтты.

«Осы боксшылар лицензиялық турнирлерге барады», – деді ол.

Еске салайық, 2020 жылы Жапония астанасында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына Ұлттық құрама еншісінде қазірге дейін спорттың 14 түрінен 25 лицензия бар.