Аңқау шопыр 4 млн теңгенің тауарын ұрлаймын деп ұсталды
Аңқау шопыр 4 млн теңгенің тауарын ұрлаймын деп ұсталды
5,235
оқылды

Қостанай облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері интернет алаяқтарының қылмысын әшкереледі.

2019 жылдың қазан айында Ақмола облысының тұрғыны Қостанай қаласының оңтүстік полиция бөліміне келіп, белгісіз біреулер айлакерлікпен құны 4,5 млн теңге тұратын 16 тонна металл сымдарын ұрлап кеткені туралы арызданған.

Аталған қылмысты ашуға облыстық Полиция департаментінің криминалды полиция басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Олжас Мағыпаров кіріскен.

– Тергеу барысында зардап шеккен азамат Ақтөбе қаласынан Көкшетау қаласына жүкті тасымалдау үшін сайттардың бірінен көлік іздей бастағаны анықталды. Оған күдікті адам байланысқа шыққан. Ешнәрседен қауіптенбеген кәсіпкер тауарды қай жерден алып кету керектігін айтқан. Кейін алаяқтар жүкті тиеп, кәсіпкерге Ақтөбеден шығып, Қостанайға барар жолда көлік сынып қалды деп айтқан. Содан кейін телефонды өшіріп, байланысқа шықпаған. Жүк әуелде келіскен мекенжайға жетпеген, – дейді О. Мағыпаров.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында жедел уәкілдер екі күдіктіні Ақтөбе қаласында ұстаған, екеуі де Қостанай қаласының тұрғыны екені анықталды. Күдіктілер ұрланған тауарды сатуды жоспарлаған, тіпті, металлдың бір орамын сатып үлгерген. Мүлік иесіне қайтарылды.