Елбасының көшбасшылық феномені жайлы баяндады
Елбасының көшбасшылық феномені жайлы баяндады
118
оқылды
Мемлекеттік хатшы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына дәріс оқыды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ха­барлады. Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті күні қарсаңында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Мем­ле­кеттік басқару академиясының тыңдаушыларына еліміздің қазіргі өзекті даму мәселелеріне байланысты дәріс оқыды. Мемлекеттік хатшы өз дәрісінде  тәуелсіздікті нығайту жолдары, Елбасының көшбасшылық феномені туралы кеңінен баяндады. Қырымбек Көшербаев әлемдік экономиканың қазіргі ахуалы, мемлекеттік басқарудың жаңғыру жолдары және дүниежүзілік  пандемияның сабақтары жайында ой бөлісті. Дәріс соңында тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.