Жетістік жемістері
Жетістік жемістері
295
оқылды

Қызылорда облысында алғашқы ұжымдасып концерт қою жұмысы Сырдың ұлы перзенті, ақын, әншілігімен танылған Нартай Бекежановтан басталды. Нартай шығармашылығына үлкен шабыт берген 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі еді. Осылайша, Нартайдың өнері Қызылордада филармонияның негізін қалауға түрткі болғаны бар. Бүгінде облыстық филармония өңірдегі өнердің қара шаңырағына айналған. Филармония Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауға да үлес қосып келеді.

1938 жылы Қызылорда қала­сын­да Шымкент облыстық драма теат­рының филиалы есебінде фи­лармония ашылып, оның жанынан эстрадалық концерт бригадасын жа­сақтау Нартай Бекежановқа жүк­теледі. Нартай облыс көле­мін­дегі ақын, жыршы, әнші, бишілерді жи­нап, есепке алып, сыннан өткен та­ланттыларын өз бригадасына қа­былдайды. Көптеген өнер май­талмандарының қанатын қатай­тып, тарихта қалуына ықпал еткен өнер ордасы 1972 жылы 16 қара­ша­да Қазақ ССР Мәдениет ми­нистр­лігінің №253 бұйрығымен Қы­зылорда облыстық филармо­ния­сы болып ресми түрде құры­лып, өз жұмысын жүргізе бастады. Қазіргі таңда Сыр елі мәдениеті мен өнерін дамыту, халықты ру­хани азықтандыру, өнер иелерінің жаңа буынын насихаттау, көнекөз әндер мен аға буын әртістердің шы­ғармашылығын жаңғырту мақ­сатында  филармонияда барлығы 7 шығармашылық өнер ұжымы жұ­мыс істеп келеді. Олар: Тұрма­ғам­бет атындағы халық аспаптар ор­кестрі (оркестрдің көркемдік же­текшісі – С.Аблаев), «Ақмешіт» фо­льклорлық ансамблі (көркемдік же­текшісі – Н.Нұрбай), «Сыр са­ма­лы» вокалды аспапты ансамблі (көр­кемдік жетекшісі – Ә.Мұс­та­фаев), камералық оркестр (көр­кем­дік жетекшісі – А.Жаңбыр­баева), «Томирис» би ансамблі (көр­кемдік жетекшісі – Г.Мыр­за­баева), «Тұран» триосы (топ мү­ше­лері – А.Өтеуов, Қ.Заитов, А.Қо­жах­метов) және мектеп оқу­шы­лары мен бүлдіршіндердің мәдени іс-шараларға қолжетімділігін жү­зеге асыру және облыстық фи­лар­мония көрермендерінің кон­тин­ген­тін кеңейту мақсатында 2016 жылы «Әдемі» балалар музыкалық театр студиясы ашылды. Сонымен қатар дәстүрлі орындаушылықты на­си­хаттап келе жатқан жыр, тер­ме, халық әндерінің орындаушы­лары мен эстрадалық вокал жанры бойынша жеке орындаушылар жұ­мыс істейді. 2013 жылдан бастап Қызылорда об­лыстық филармониясының өнер ұжымдары өңірдегі мерейлі ме­рекенің, елең еткізер жақсы жаңа­лықтың басы-қасынан табы­лып қана қоймай, алыс-жақын шет­елге шығып, қазақ өнерін на­си­хаттай бастады. Қызылорда облыстық филар­мониясы Елбасының «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасын жүзеге асы­руға да өз үлесін қосуға асық. Ел­басының «Болашаққа бағдар: Ру­х­ани  жаңғыру» мақаласының об­лыстық жобалық кеңсесі аясын­да 2018 жылы «Ля-ля-фа» балалар мю­зикл студиясы құрылды. Атал­ған жоба облыс әкімдігі мен об­лыс­тық Мәдениет, архивтер және құ­жаттама басқармасының қол­дауымен талантты балалардың мүм­кіндіктерін көрсетіп, сахналық тә­жірибе жинап, шығармашы­лы­ғын шыңдау мақсатында ұйымдас­тыры­лып, Т.Бекарыстановтың «Тау­сылмасын ертегім» қойылы­мын сахналады. Сонымен қатар биыл­ғы жылы филармония Елба­сының мақаласы аясында жыршы-термешілердің «Аталы сөзден ал кеңес!» атты мысал орындау кон­цертін, қазақтың халық ақыны, ком­позитор, әнші, күйші, Қазақ­станның еңбек сіңірген өнер қай­рат­кері К.Әзірбаевтың 135 жыл­ды­ғына арналған «Ән кемеңгері» атты концертін және тағы да басқа көп­теген ауқымды шара ұйым­дас­тырды. «Ән кемеңгері» концертіне абыз атамыздың қызы, әке өне­рінің жанашыры, Қазақстанның Ха­лық ағарту ісінің үздігі, Мә­де­ниет қайраткері, ұлағатты ұстаз Төрт­кен Кененқызы құрметті қо­нақ болды. Халықаралық би күніне орай Сыр елінде алғаш рет І респуб­ли­ка­лық «Ақ кербез» би фестивалі ұйым­дастырылып, төрт облыстың би ансамблі қатыстырылды. ЮНЕС­КО-ның материалдық емес мә­дени мұралар тізіміне енгізілген Қор­қыт мұраларын насихаттау мақ­сатында «Қорқыт мұрасы – мәң­гілік дастан» атты «Ақмешіт» фо­льклорлық ансамблінің кон­церті, Қазақстанның мәдениет қай­раткері Мүсілім Әмзенің дири­жер­леуі­мен Тұрмағамбет халық аспап­тар оркестрі, «Сыр самалы» во­кал­ды аспапты ансамблі және каме­ра­лық оркестрдің «Мәңгілік са­рын» атты біріккен концерті өтті. Өзбекстан Республикасы Навои қа­ласында мемлекетаралық дос­тықты нығайту және бауырлас ха­лыққа қазақ жұртының мәдени мұра­сын, ұлттық өнерін насихаттау мақ­сатында Тұрмағамбет атын­дағы халық аспаптар оркестрі және жеке орындаушылардың «Сырда­рия – достық арнасы» атты кон­цер­ті ұйымдастырылды. Жарты ғасырға жуық уақыт ішін­де киелі ортаның қалыптасып, ая­­ғынан тік тұруына талай өнер май­­талмандары табанды еңбегі мен ты­нымсыз ізденісін, қажыр-қай­ра­тын жұмсады. Бүгінде сол қара шаңы­рақтың туын жықпай, биікте жел­біретіп келе жатқан өнер ұжы­мы­ның жеткен жетіс­тік­тері айтар­лықтай. Өнерпаздар ха­лықаралық, республикалық бай­қауларда елдің абыройын асқа­қ­татып жүр. Биылғы жылдың өзінде жоғары деңгейдегі байқау-фестивальдардан жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда, классикалық орындаушы А.Иманжаппаров Ал­маты  қаласында өткен К.Бәй­сейі­това атындағы  ІХ республикалық вокалистер конкурсынан ІІ орын, күйші Абылайхан Сқақов Атырау қаласында ұйымдастырылған «Саз пернелі Сарайшық» атты халық­ара­лық домбырашылар фести­ва­лінде жүлделі I орын, Кетбұға жы­­рау атындағы «Ақсақ құлан» ха­­­лық­аралық күйшілер бай­қауын­да ІІІ орынды иеленді. Жырау Б.Төлеубаев халық ақыны К.Әзір­баев атындағы «Шырқа, дауысым!» атты республикалық әншілер кон­курсынан және «Ән-дария» атты рес­публикалық дәстүрлі орын­дау­шылардың байқауында ІІ орын, ди­рижер Р.Балмасов Б.Рзаханов атын­дағы «Сиқырлы таяқша» атты рес­публикалық дирижерлер бай­қауында ІІІ орынды иемденді. Сон­дай-ақ «Ақмешіт» фольклор­лық ансамблі Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және Ғ.Жұбанова атын­дағы облыстық филармо­ния­ның 75 жылдығына орай өткен «Жұ­­­бановтар әуені» халықаралық ұлт аспаптар оркестрлері және ан­сам­бльдердің фестиваль-бай­қауы­нан бас жүлдені еншіледі. Өз кезе­гін­де камералық оркестрдің шағын құрамы «ӘУЕН FEST» қазақ ка­мера­лық музыка фестивалінде  ІІІ орын, оркестр әртісі, скрипкашы О.Раджапов Біріккен Араб Әмір­ліктерінің Дубай қаласында өткен ІІІ халықаралық Jumeirah Sounds конкурсында ІІ орын иеленді. Сыр елі – әуелден өнердің ор­да­­сы. Мұнда келгенде жыршымын деп айту да – қателік. Баба өнері ба­­­­л­аға дарыған. Сондықтан болар об­­лыс­тық өнер мекемелерінің қай-қай­сысы болмасын, жетістікке жетуін араға күн салып та тоқтатар емес.

Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы