Шпекбаев: Мәнізоровтың ісі «тапсырыс» емес
Шпекбаев: Мәнізоровтың ісі «тапсырыс» емес
128
оқылды

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің «тапсырыс» екенін жеткізді. Осы мәселеге қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев пікірін білдірді.

«Ешқандай тапсырыс болған жоқ – барлығы тексеріс жүргізу кезінде анықталды. Осымен бітті. Бас прокуратура жауабын берген соң, алдағы іс-әрекеттер жөнінде хабарлаймыз», – деді Шпекбаев.

Әзірге Бас прокуратураның шешімі бойынша тоқтатылған тергеудің анық-қанығы беймәлім. Себебі, айтылмай отыр.

Еске сала кетейік, бұл жайында бұған дейін «Айқын» газетінде «Ғұмыры қысқа» қылмыстық істер» деп жазған болатынбыз.