Интернетті иіскетпеңіз!

Интернетті иіскетпеңіз!

Адамға  Құдай мұрынды бекер бере салған жоқ. Сән үшін емес, ән үшін емес, мүрыныңызбен айқайлап ұрысып, мұ­рыныңыз­бен ән шырқамайтын шығарсыз? Мүрыныңызбен тыныс алып, мұрыныңыз­бен иіскейсіз. Ал интернеттті «иіскейтін» жастар туралы не айтуға болады? –Ойбай, әкесі, мына балаңды қарашы? Не иіскеп жатыр десеңші? ‒дейді шешесі шырылдап, алтыншы сыныпта оқитын баласының қолынан смартфонын жұлып алып. – Иіскегені неі? ‒дейді әкесі көздерін алартып, – Интернетті иіскеп отыр! – Немене, интернеттің де иісі бар ма еді? – Әй, мен мұғаліммін ғой, бейнелеп айтып жатырмын! Қарашы, балаң порно­графия көріп отыр! – Қойшы? Бесіктен белі шықпай жа­тып... – Интернет баламызды тұздап жатыр! Келіншек күйеуіне смартфонды бере салды. Күйеуі шынында ештеңе білмейді екен, жалаңаш қыздардың бейнесіне үңіліп, көздері жайнап кетті. Ал, әйелінің қаны қайнап кетті. – Не болды сонша үңіліп? Қайда барасың деймін? – Оңаша бөлмеге.. – Е? –Қызық екен. – Мен саған балаңды тәрбиеле деп көрсетіп отырмын ғой? – Біз де «иіскейік» те? Келіншек күйеуінің басына сыпыр­ғысымен бір ұрды. Анау болса, ыржалақтап, тұра қашқан болды. Міне, біздің қазіргі сиқымыз осындай, Интернет желілерінен күндіз-түні бас алмайтын сынып оқушы­лары сабаққа қарауды қойды. Тіпті, тіл алу былай тұрсын, түнімен «қызыққа» батып, таңертең оянулары да қиын. Оны былай лақтыра салайықшы, өмірлеріне де қауіп төне бастады. –Әкесі, қыцзың сарайға кетті. –Неге? –Асылып өлемін дейді. – Асылып? – Ия, тағы да болса көріп қалдым. ‒О, әкеңнің.. Қайда өзі? – Өзінің бөлмеснде жылап отыр. Әкесі қызының бөлмесіне келді. –Қарлығаш, не болды саған, а? –Ештеңе. –Ештеңе болмаса, неге асылып өлмек­шісің? Мектебіңде тиісіп жүргендер бар ма? – Ештеңе. – Адам бостан-босқа өзіне қол салмай­тын шығар?Адам деген осындай қыста, қақаған қыста өлер ме екен? – Ештеңе. – Немене, ештеңе, ештеңе? – Интернетте біреу маған асылып өлсең, рахааат болады деп кеңес берді. – Өй, олар жат діндегі адамдар ғой! ‒ деген әкесі қызын құшақтай алды. Міне, интернеттің «иісі». Жуырда ғана Петро­павльдегі бір топ жастар автоматтарын шошайтып,  «ауыздарымен атысты.» Та­тата‒лап. Қазақстан конституциясы мен Ал­тын­сарин көшесі қиылысындағы авт­көліктер тұрағында. «астысқандар» жұрт­тың зәресін алды. Полияция инспекторлры келіп тексере келгенде, автоматтардың ойыншық екені анықталды.  Бірақ, шын­айы автоматтардан ажырату өте қиын екен. Міне, интернеттің «иісі». Абай болыңыз, ұл-қыздарыңызға интернетті көп иіскете бермеңіз! Тұншығып, уланып қалады! Абайлаңыз!

Жаныстың ЖАТЫПАТАРЫ