Жуырда имамдарға жалақы төлеу мәселесі көтерілген болатын. Еліміздегі 3 мыңдай мешітте 6 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Оның 4 мыңға жуық қызметкері ғана тұрақты айлық алады.
Бас мүфтидің айтуынша, жалақы имамдарға 20 000 - 100 000 теңге аралығында төленеді.
«Облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық мешіттерде жұмыс жүктемесіне қарай алады. Облыстық мешіттегі қызметкерлер жұмыс жүктемесіне байланысты 100 мың теңге алады. Ал қалалық мешіттегілерге тағайындалған жалақы – 70 мың. Аудандағы имамдар 50 мың теңге алады. Ал ауылдағы дін қызметкерлеріне 30 мың теңге жалақы тағайындалған», - деді Серікбай қажы Ораз.