Барлық оқу орны карантинге жабылды
Барлық оқу орны карантинге жабылды
600
оқылды
Пәкістан билігі барлық оқу орнын карантинге жапты. Сондай-ақ сауда орталықтары мен базарлардағы шектеу шаралары күшейтілді. Бұдан басқа, жаппай шерулер мен жиындар өткізуге де тыйым салынған, –  деп жазады 24kz. Білім беру мекемелері алдағы жылдың 10 қаңтарына дейін ашылмайды. Соңғы мәлімет бойынша, Пәкістанда коронавирус инвекциясын жұқтырғандар саны 382 мың адамнан асты.
 «Қазан айында бізге күніне коронавирус жұқтырған 14 науқасқа дейін түсті. Ал қазір олардың саны 70-ке жетті. Барлық адамды бетперде киюге және қолды үнемі тазалап жүруге шақырамын. Бұл – індетті тоқтатудың бірден бір қарапайым жолы», – дейді медицина қызметкері Ясин Акбар.