Ал антына берік, кәсібіне адал ақ халатты абзал жан ауырған жанның дертіне дауа табу үшін күн-түн демей еңбек етіп жүр. Бізге адамдарды ажалдан арашалап қалған ғажайып сәттері туралы айтып берді.
–Хирург болуыңызға не әсер етті? –Өзімнің атам ауырып, емханаға жатты. Алматыдағы хирургия орталығына. Бауырына ота жасады. Ауырып жатқан кезде қасында болдым. Сол уақытта хирург болу қаншалықты маңызды екенін түсініп, осындай шешім қабылдаған едім. –Осы салада жұмыс істеп жатқаныңызға неше уақыт болды? ––Оқу бітіріп, жұмыс істеп жатқаныма 10 жылдай болды.Операцияның түрі көп. Жараны қалай тігеді, науқасты қалай жатқызады, қалай емдейді? Әр нәрсенің өзіне тән әдіс-тәсілі бар. Бұрын науқастарды ауруханада өте ұзақ ұстап жүрдік, 7-10 күндей. Ал шетелде 1-2 күн ғана ұстайды. Тез, белсенді қозғалып жүре береді. Олар өте белсенді реабилитация жасайды. Осы сияқты көп нәрселерді үйрендік. Заманауи технологияларды меңгердік. Қазір Қазақстанға оның біразы әкелініп жатыр.
Әкелген кезде төрт темір ішіне қадалып тұрды. Арқасынан шығып кеткен. Дереу іске кірістік. Ота 6 сағатқа созылды. Ішкі мүшелерінің бәрі зақымданған. Бірінші қан тоқтаттық. Екінші кесілген, жыртылған ішектерді қалпына келтірдік. Бәрін ретімен істеп, отаны сәтті аяқтап шықтық.
–Қазір біраз аурулар дұрыс тамақтанбаудан, қозғалыстың аздығынан болып жатыр. Фаст-фуд өнімдер көп. Газдалған, боялған, энергетикалық сусындар бар. Бұлардың пайдасы аз. Сосын қажетті мөлшерден артық тамақтанатын адамдар көп. Көп тамақ ішудің қажеті жоқ. Көп емес, аз емес, мөлшермен тұтыну керек. Қазір өтінде тасы бар адамдар көбейіп кетті. Өйткені қозғалыс аз. Көп отыра бергеннен геморрой көбейіп жатыр. Салмақ ауырлағасын аяққа, буындарға күш түседі. Сосын буын аурулары, аяқта варикоз, грыжа көп болып жатыр. Күйзелістен, экологиядан да ауру болып жатқандар кездеседі. Кейінгі кезде қалқанша безі аурулары да көбейді, өкінішке қарай.–Аурудың алдын алу үшін адамдарға қандай кеңес бересіз? – Біріншіден, күн тәртібі дұрыс болуы қажет. Күн шыққан кезде ояну керек, яғни таңертең ерте оянған жөн. Ал түнгі сағат 10-нан кешікпей ұйықтау керек. Адамның табиғаты, физиологиясы солай жаратылған. Қазір көп адам түнгі 12-1-сіз ұйықтамайтын болған. Осыдан кейін гормондар бұзылады. Ұйқысы қанбаған адам шаршаңқы күйде жүреді. Ашушаң болады, күйзеліске жол береді. Сол үшін күн тәртібін дұрыстап, дұрыс тамақтанып, жылы, үйдің тамағын ішіп, мүмкіндік болса, таза ауада серуендеп тұрыңыз.
– Әңгімеңізге рақмет!