Еуропалық қайта құру және даму банкі өткен жылдың басынан бастап COVID-19 пандемиясы туындатқан дағдарысқа төтеп бере бастады. Тез арада вирустан төнген қауіппен күресу үшін бұрыннан бар құралдар қайта қарастырылып, кеңейтіліп, жаңа инициативалар қолға алынды. – Кез келген дағдарыс кезінде ең алдымен шағын және орта бизнес өкілдері зардап шегетіні белгілі, өйткені олардың қаржыландыруға қолжетімділігі аздау. Банктердің шағын бизнеске несие немесе жеңілдіктерді аз беретінін көріп жүрміз. Әрине, көп елдердің үкіметтері бизнеске қолдау көрсету шараларын жүзеге асырады, бірақ дағдарыстың келесі толқынының алдын алатындай толық және жеткілікті мөлшерде емес. Сол себепті ЕҚДБ және басқа да қаржылық институттардың рөлі – кәсіпкерлерге тек қана қаржылық қолдау көрсетіп қоймай, кеңес беру және білімді жетілдіруде көмек көрсету. Осындай бағдарламалардың нәтижесінде Орталық Азия мемлекеттерінің 9000 астам кәсіпкерін оқыту мүмкін болды», – деді ШОБ Дамыту және қаржыландыру тобының жетекшісі Нади Петкова ханым.
ЕҚДБ жүргізген зерттеулерге сәйкес пандемия кезіндегі шағын және орта бизнесіне ортақ келесі мәселелер анықталды:
-
Тапсырыс беруге сұраныстың төмендеуіне байланысты түсімнің азаюы;
-
Кадр мәселелері: кәсіпкерлер қысқартылған жұмыс күнін енгізуге, оның есесіне қызметкерлермен еңбек ақыларының қысқаруы немесе ақысыз демалысқа шығуы жайлы келіссөздер жүргізуге мәжбүр, ол көп жағдайда сотқа апарады;
-
Қаржылық мәселелер (өнім жеткізушілердің қызметін төлеу, қызметкерлердің еңбек ақысын беру, бизнес-несиелерді өтеу сияқты қаржылық міндеттемелерде туындайтын қиындық).