«Алтын Адам» – Афиныда
«Алтын Адам» – Афиныда
327
оқылды

Грекия астанасы Афины қала­сын­дағы Эпиграфиялық музейде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды. «Алтын адам­ның әлем музейлеріне шеруі» ха­лықаралық көрме жобасы ая­сын­да басталған іс-шара 2019 жыл­ғы 11 қарашадан 11 жел­тоқ­сан­ға дейін жалғасады.

Іс-шараның мақсаты – Қазақ­стан­ның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру. Көр­ме­нің ашылуы қарсаңында Афи­ны қаласындағы Эпиграфиялық му­зей­де жергілікті бұқаралық ақпарат құрал­дары өкілдерімен баспасөз мәс­ли­ха­ты өтті. Шараға Қазақстанның Гре­­кия­дағы елшісі Алексей Волков, Ежел­гі және мәдени мұраның бас директоры Поликсени Адам-Велени, Афиныдағы Эпиграфиялық музейдің ди­ректоры Атанассиос Темос, Қазақ­стан Республикасы Ұлттық музей ди­­­ректорының орынбасары Алмаз Нұ­раз­хан, тарих ғылымының докторы, про­­фессор Зайнолла Самашев қатыс­ты.

Ашылу салтанатында сөз алған Ұлт­т­ық музей директорының орын­ба­сары Алмаз Нұразхан көрмеге келген меймандарға «Алтын адам» туралы кеңі­нен әңгімелеп берді.

«Алтын адамның» әлем музей­ле­рі­не шеруі» көрмелік жобасы әлемді ара­лап келеді. Грекия – Қазақстанның тарихи-танымдық көрмесін тамашалап отырған он екінші мемлекет. Бүгінге дейін Қазақстанның өңірінен табыл­ған алтын адамдар – еліміздің ерте дә­уір­дегі мәдениетін, тарихын ай­қын­­дайтын ұлттық құндылық. Көр­ме жұмыстарына қолдау білдіргені үшін Грекияның Мәдениет ми­нистр­­лі­гі­не, Афины қаласының Эпигра­фия­­­­лық музейінің басшылығы мен қыз­мет­кер­леріне алғысымды білдіре­мін» деді А.Нұразхан.

Афины эпиграфиялық музейіндегі көрмеден «Алтын адамның» рекон­ст­ру­к­­­­циясын және ақсүйек сақ жа­уын­­герімен бірге жерленген ерте те­мір ға­­­сырының археологиялық олжа­ла­ры­­­ның коллекциясын тамашалауға болады.


Көрмеде сол сияқты Тақсай (Ба­тыс Қазақстан облысы), Талды-2 (Қа­­ра­­ғанды облысы) және Берел (Шы­­ғыс Қазақстан облысы) сияқты сақ қорғандарынан табылған ар­хео­­ло­гия­лық бірегей олжалар да көр­се­тіл­ді.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан бар­лы­ғы 144 зат ұсынылды. Көрмеге қо­йыл­ған Қазақстанның ежелгі және орта­­ғасырлық өнерінің жауһарлары – Еу­­разия дала мәдениеті мұрасының өзін­­дік ерекшелігін көрсететін бұрын­ғының атаусыз шеберлері туын­ды­ла­ры­ның аз ғана бөлігі.

Сондай-ақ шара барысында Зай­нол­­ла Самашев «Ежелгі сақтардың Қазақстандағы мәдени кешені» атты дәріс оқыды.


Ақбота ӘЛІМ