Үндістанда отбасы өртеп жіберген адам ертеңінде үйіне қайтып келген
Үндістанда отбасы өртеп жіберген адам ертеңінде үйіне қайтып келген
141
оқылды

Үндістанның Парганас ауданында тұратын бір отбасы қайтыс болған туысының мүрдесін өртеп жіберген. Сөйтсе ол бірнеше күннен кейін үйіне қайтып келген.

NDTV-дің мәлімдеуінше, 11 қараша күні коронавирусқа шалдыққан 75 жастағы ер адам Барасатта ауруханасына түскен. Екі күннен кейін отбасына науқастың қайтыс болғанын хабар беріп, мәйітін тапсырады. COVID-19-ға байланысты қауіпсіздік шаралары бойынша марқұм полиэтилен пакетке оранған болатын. Сондықтан да  отбасы марқұмның бетін көре алмаған. Сөйтіп олар 13 қарашада ер адамның мүрдесін өртеп жіберген.

Арада бірнеше күн өткен соң ауруханадан қоңырау шалынды. Олар сауығып кеткен туысын алып кетуге болатынын айтқан.

«Біз таңдынап қалдық. Әрине әкемізді үйге алып келдік. Бірақ кімнің мәйітін өртеп жібергенімізді білмейміз», – дейді науқастың ұлы. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, олар қайтыс болған қарттың жеке басын анықтай алған екен.