Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, 28 қараша сағат 13:25 шамасында Жамбыл облысы Жуалы ауданында республикалық маңызы бар «Алматы-Термез-Ташкент» автожолында (576-593 шақырым) 51 адам қар құрсауында қалған. Қазір олар құтқарылды.
Департамент қызметкерлері мен екі техника қар құрсауында қалған 21 автокөліктің ішінен 51 адамды құтқарды. Оның 12-сі – бала.
«Құрметті жүргізушілер! Жолда абай болыңыздар. Құтқарушылардың кеңесіне құлақ асыңыздар. Ауа райының нашарлауы, бұрқасын, тұман және көктайғақ туралы SMS хабарлама алсаңыз, мүмкіндігінше жолға шықпауға тырысыңыз» деп ескертеді департаменттен.