Меркі ауданы орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері пара алды деп айыпталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Меркі ауданы Орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Б.Т.Құрманәліге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғандығы хабарланған.
«Ол балалар тамағын жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жұмыс актісіне қол қою үшін ЖШС өкілінен 2 млн 800 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. 12 қарашада Меркі аудандық сотының үкімімен ол айыпты деп танылды. Мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, үш жылға бас бостандығынан айырылды», - деленген департамент хабарламасында.