Орал тұрғыны 60 джип жалдап, қаланы аралады, - деп хабарлайды «Менің қалам» ақпараттық порталы.
Басылымның мәліметінше, Toyota Prado, Gelendwagen, Lexus жол талғамайтын көліктері Самал-1 ықшамауданында, Арасан саунасына кіре берісте ұсталған.
Орал қалалық полиция бөлімінің бастығы Мирлан Айкеновтің айтуынша, қазірдің өзінде 20 джип қалалық полиция бөліміне жеткізілген.
«Аумақ» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол Орал қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Жол талғамайтын 60 автокөлік жалдаған азамат бұрын бірнеше рет сотталған. Қазіргі уақытта біз оның жасалған қылмыстарға қатыстылығын тексерудеміз. Қазір нақты ақпарат айта алмаймыз», – деді Мирлан Айкенов.