Расула табылды!
Расула табылды!
220
оқылды

Ақмолалық полицейлер 16 жастағы колледж студентін астанадағы ойын-сауық орындарының бірінен тапты. Қазір Расула Жанашева туыстарының жанында,– деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Расуланың табылмай жатқанына екі күн болғанын жазғанбыз.

Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелет жасына толмаған қыздың жоғалғаны туралы хабардан соң тәртіп сақшылары бірден кешенді іздеу шараларына кіріскен. Қыздың суреті мен сырт белгілері көрсетілген қағаздар Ақмола облысы бойынша барлық аумақтық бөлімдерге, сонымен қатар көршілес облыстарға, Нұр-Сұлтан қаласына жолданды.

«16 жасар Расула Жанашева кеше кешкісін астаналық бір дәмханадан табылды. Онда қыз мас күйде отырды және үйіне қайтуға қарсылық білдірді. Қазіргі таңда кәмелет жасына толмаған қыз әкесінің жанында»,– деп мәлімдейді полиция.