Тоқаев Қарақат Башанованы жеңісімен құттықтады
Тоқаев Қарақат Башанованы жеңісімен құттықтады
143
оқылды

Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі 2-орынды иеленді», ­ деп жазды Президент.

Айта кетейік, Junior Eurovision XVIII ән байқауында Қазақстанның намысын қорғаған Қарақат Башанова екінші орынға ие болды. Ол байқауда Forever әнін шырқады. Францияның атынан өнер көрсеткен Валентина бірінші орын, нидерландтық Unity тобы үшінші орын алды.