– 1 желтоқсан – бүкіл ел, бүкіл Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мақтанышпен атап өтеді. Осы атаулы мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Біздің бүгінгі іс-шарамыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылғаны кездейсоқтық емес. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетіміздің қалыптасуы, дамуы мен өркендеуіне баға жетпес үлес қосты. Тәуелсіздік пен Елбасы егіз ұғым десек артық айтқандық болмас, – деді Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков.
– Тұңғыш Президент күні қарсаңында партия билетін алдым. «Nur Otan» партиясының мүшесі болу қоғам алдында үлкен жауапкершілікті жүктейді. Алдағы уақытта партия жұмысының ілгерлеуіне өз үлесімді қосатын боламын – дейді Өскемен қаласы әкімдігінің №8 орта мектебінің ұстазы Чехно Жадыра Батырқанқызы.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 53 мыңға жуық партия мүшесі бар, бұл біздің облыстың әрбір 25-тұрғын партия мүшесі деген сөз. Биыл үш мыңнан астам адам партия қатарын толықтырды.