Маңғыстаулықтардың шағымынан соң, мұнай қалдықтары шашылып жатқан полигон тексерілетін болды.
Lada.kz сайты тұрғындардың шағымынан соң, оқиға орнынан фотоларды жариялаған еді. Фотодан мұнай қалдықтары көлемді аумақта ашық-шашық шашылып жатқанын байқауға болады. Жергілікті басылымның жазуынша, жауапты департамент өкілдері мәселенің мән-жайын анықтамақ.
Жердің кімге тиесілі екені анықталған соң тергеу басталады. Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі: «Заң бойынша тиісті шара қолданады. Аймақтағы экология департаментінің қызметкерлері Қарақия ауданының Жетібай елдімекеніне барды. Қосымша ақпарат БАҚ-та жарияланады», — деп хабарлады.