«Басымыздан өткен қиындықтарға қарамастан Қазақстан бүгінде әлем аренасында өз орнын иемденген мемлекет. Бұл алдымен Елбасының сарабдал саясатының арқасында екендігін жіті түсінуіміз керек. Қолымызда бар бақытымызды бағалай біліп, өскелең ұрпаққа табыстау – басты міндетіміз», – деді ол өз сөзінде.
Қазақстандық агро инновациялық корпорациясы – ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы әлемдік көшбасшыларының Қазақстан Республикасы аймағында ресми серіктесі болып табылатын қазіргі заманғы көп қырлы көтерме, тіркеме және өзі жүретін ауыл шаруашылығы техникаларының өндірушісі.
Еуразиялық экономикалық кеңес аясында құрылған «Ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникаларының Қазақстан-Беларусь индустриалдық-технологиялық паркі» инвестициялық жобасы 2012 жылы қолға алынған болатын. Мұндағы мақсат - Беларусь елінің коммуналдық және ауыл шаруашылығы саласының озық техникаларын елімізде құрастырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту. Бүгінде бірлескен кәсіпорын шығарып жатқан тракторлардың бағасы қолжетімді. Сапасы да техникалық талаптарға сай. Соған орай, кәсіпорын шығарған техника тұтынушылар тарапынан жақсы сұраныс туғызып отыр. Қазір тракторлардан бөлек жүк көліктері мен арнайы мақсаттағы машиналардың да бірнеше түрі шығарылуда. Осылайша, кәсіпорын өндіріс көлемін жыл санап арттыра түсуде. 2012 жылы басталған бұл жобаны жүзеге асыру үшін 3,4 миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Қазір толыққанды жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жыл сайын 25 түрлі ауыл шаруашылығы және коммуналдық қызметке арналған техникалардың 5 мың данасын шығарады.
Бүгінгі күні кәсіпорында 200-ден астам адам еңбек етуде. Жұмысшылар тарапынан әлеуметтік жағдайы мен еңбек ақысына ешқандай наразылық түспеді. Мықты мамандармен толыққан кәсіпорын жалақы өсіруді жыл сайын күн тәртібіне қоюда. Елбасының бастамасымен құрылған кәсіпорын қызметкерлі Тұңғыш Президент күні қарсаңындағы салтанатты жиынға ерекше ықыласпен қатысты.