Димаш Жапонияны қазақша сөйлетті (видео)
Димаш Жапонияны қазақша сөйлетті (видео)
312
оқылды

Youtube-де Димаш Құдайбергеннің Жапонияға барған видеосы жарияланды.

Димаштың Жапонияға келу құрметіне орай әуежайда әншіні қазақ тілінде хабар таратып, құшақ жая күтіп алған.

Қазақстандық әнші 19 қарашада Токиода өтетін ABU TV Song Festival 2019 ән фестиваліне қатысу үшін барды.

«Бұл видеоны көрген Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері оған өте жоғары баға берді. Себебі, Димашты қарсы алуға Жапония өте жоғары деңгейде дайындалған. Біріншіден, әуежайда қазақ тілінде қарсы алған. Екіншіден, Димаштың қауіпсіздігі үшін күшейтілген күзет бөлінген. Тіпті, тыңдарманы берген сыйлықтарды бірінші полиция тексерген соң ғана әншіге ұсынған» деп айтылады видеода.