Жасөспірімнің қазасы: Хат жазып қалдырған
Жасөспірімнің қазасы: Хат жазып қалдырған
202
оқылды

Оралда 17 жастағы жасөспірімнің не себепті өзіне-өзі қол жұмсағаны тексеріліп жатыр.

«Мой ГОРОД» порталының жазуынша, жасөспірім қайғылы жағдайдан бұрын хат жазып қалдырған екен.

Қайғылы жағдай 14 қарашада Әбілхайыр хан даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Анығы, жасөспірім 4-қабаттың терезесінен секіріп кетіпті. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем жылдам жеткен. Оны қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізген. Бірақ жасөспірімнің өмірін сақтап қала алмаған. Жігіт жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Тергеу жалғасып жатыр.