Павлодар облысы бойынша Nur Otan партиясының 50 мыңға жуық мүшесі бар. Тұңғыш Президент күні қарсаңында еліміздің әр бұрышында жаңа белсенділерді партияға қабылдау дәстүрге айналды.
Журналист Александр Вервекиннің, педагог Гүлсина Шиндлярскаяның, волонтер Данна Серімбаеваның есімдері біздің өңірде танымал. Бүгінгі күнге дейін олар партияның адал жақтаушылары, оның қызметінің белсенділері екнінен күмән жоқ.
Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары партияның жаңа мүшелерін нағыз патриоттар екенін айтты. Илья Теренченко бүгінде партия санға емес, сапаға басымдық беріп отырғанын атап өтті.
Осылайша, Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Халық алғысы» мемлекеттік наградасымен «Айсберг ПВ» ЖШС директоры, қалалық мәслихат депутаты Михаил Желнов, Jas Otan ЖҚ төрағасы және кеңесшісі Ғабит Хафиз және Сәния Темерханова марапатталды.