Нұр-Сұлтанда көлікте отырып, тапаншаның бірнеше түрімен видео түсірген ер адамды үйінен ұстады.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған жергілікті тұрғын ұсталды», — деп хабарлады полицейлер.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары қоғамда үрей туғызған бейнероликті түсірген адамды да ұстаған.
Ұсталған күдікті 24 жаста, бұған дейін сотталған.
Істің анық-қанығы тексеріліп жатыр.