Бүгін жастар үшін жалдамалы пәтер алуға өтініштер қабылдау басталды
Бүгін жастар үшін жалдамалы пәтер алуға өтініштер қабылдау басталды
619
оқылды

Бағдарламаға қатысу үшін https://qatysu.zhilfond.kz/index.php порталы арқылы өтініш беруге болады.

«Өтініш беру үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет, өйткені өтінімдер тек онлайн режимде қабылданады. Барлық анықтамалар мен құжаттар жаңа болып, өтініш берген кезде алынуы керек», – дейді Нұр-Сұлтан тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы Арманай Оңғарбаева.

Өтініш берушілердің барлық құжаттары мен анықтамалары бір сканерленген файлға тіркелуі керек. Өтініш бергеннен кейін оның мәртебесі туралы SMS хабарлама келеді. Өтініш беруші бағдарлама шарттарына сәйкес келсе және толық тізімін ұсынса, өтінім қабылданады. Егер өтініш беруші құжаттары толық болмаса, түзету қажеттігі хабарланады. Ал егер үміткер бағдарламаның шарттарын орындамаса, бас тарту туралы хабарлама келеді. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспананы алушылар тізімі zhilfond.kz сайтында жарияланады. Осы бағдарламаға қатысты барлық сұрақтар бойынша 109 байланыс орталығына хабарласуға болады. Соңғы екі жылда меншігінде тұрғын үйі болмаған және тұрақты тіркеуі бар 29 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары жалға берілетін баспанаға өтініш бере алады. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылар мен балалардың мүлкі болмауы керек.

Өтініш берушілердің ресми кірісі 40 АЕК немесе соңғы алты айда 111 120 теңге көлемінде болуы керек.