Қазақстандағы жалғыз гиперреалист Айдос Есмағамбетов «өзіне пиар жасап, үй алайын деп жүр» дегендерге жауап берді
Қазақстандағы жалғыз гиперреалист Айдос Есмағамбетов «өзіне пиар жасап, үй алайын деп жүр» дегендерге жауап берді
178
оқылды
Қазақстандағы әзірге жалғыз гиперреалист Айдос Есмағамбетов Тұңғыш Президенттің бір емес, үш мүсінін жасаған. Сол үшін де сынның астында қалған. Бұл туралы Aikyn.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Біраз пікір естіп жатырмыз ғой. "Үй алғысы келеді", "ойбай, өзіне пиар жасағысы келеді" деп. Тағы да айта кетейін, мен ондай нәрсені көздеген емеспін. Үйді мен өз еңбегіммен аламын", – дейді ол.
Гиперреализмді ұлттық нақышта жасауды көздейтін Айдос қазір Геннадий Головкиннің мүсінін жасауға кірісіпті. Оның арманы – елімізде гиперреализм туындыларына арналған музей ашу. Бұл істі 2010 жылы қолға алған ол он шақты мүсінін көпшілік назарына ұсынды. Атап айтсақ, Тұңғыш Президенттің үш мүсіні, Барак Обаманың, Абылай ханның және биыл Абайдың бейнесін сомдады. Өзінің айтуынша, әр жұмысына жарты, бір жылдай уақытын жұмсайды екен.