Оқыс оқиға Байтұрсынов көшесінің бойындағы контейнерде болған.
Жеке нысан асхана ретінде жабдықталған. Өрт түнгі 22:00 шамасында шықты және 150 шаршы метр аумақты шарпыған.
Бұған қоса контейнер жанындағы ағаш құрылғылар да отқа оранды. Оны ауыздықтау үшін 4 техника мен жеке құрамнан 23 адам жұмыс істеді.
Өрт сөндірушілердің күшімен тағы 4 газ баллоны шығарылды. Қазір оқыс оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.