Оралда 60 джип жалдаған азамат ақшаны қайдан алған?
Оралда 60 джип жалдаған азамат ақшаны қайдан алған?
208
оқылды

БҚО полиция департменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 34 жастағы ақша шашушы 60 джип көлігін қандай ақшаға жалдағаны белгілі болды,– деп хабарлайды «Мой Город» басылымы.

- Ұсталушының айтуынша, әйелінен ажырасқаннан кейін, ол Алматыдағы пәтерін сатқан, ақшаның жартысын бұрынғы әйеліне санап беріп, қалған жартысына көңіл көтеруді ойлаған. Осылайша, ол 60 джипті жалға алды,– деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, полиция сонымен бірге бір жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

«Líncoln маркалы автокөлік жүргізушісінің көлікті жүргізуге арналған құжаттары болмаған», - деп толықтырды полиция.