Алматыда шатырдан секірмек болған 21 жастағы жігітті құтқарды
Алматыда шатырдан секірмек болған 21 жастағы жігітті құтқарды
145
оқылды

Ол төбеден секіремін деп қорқытқан.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі оқиға Райымбек пен Сүйінбай көшелерінің қиылысындағы дүкендердің бірінде болғанын хабарлады.

«21 жастағы жігіт дүкен төбесіне шығып, секіруге оқталған. Алайда құтқарушылар қайғылы жағдайды алдын алды. Жас жігіт осы дүкенде жұмыс істейтін ғашығының назарын аударғысы келген», – дейді полицейлер.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.