Әлемге әйгілі баскетболшы тікұшақ апатынан қаза болды
Әлемге әйгілі баскетболшы тікұшақ апатынан қаза болды
Фото: Интернеттен алынды
350
оқылды
Кеше таңертең Калифорния штатындағы Калабасас қаласында болған тікұшақ апатынан қаза тапқан тоғыз адамның ішінде танымал баскетболшы Коби Брайант пен кішкентай қызы болған, – деп жазады CNN. Дереккөздің жазуынша, 41 жастағы Брайант пен оның 13 жастағы қызы Джанна Мария Оноре Брайант Таузанд-Окстағы мамба спорт академиясына жаттығуға бара жатқан. Лос-Анджелес округінің өрт қауіпсіздігі қызметінің басшысы Дэрила Осбидің айтуынша, Лос-Анджелестің орталығынан солтүстік-батысқа қарай 30 милл жерде тікұшақ апатқа ұшырап, отқа оранған. Лос-Анджелес округі шериф департаментінің хабарлауынша, тікұшақ апатынан бортта болған тоғыз адамның барлығы қаза тапты. Тони Альтобелли CNN-ге ағасы, бейсболдан Orange Coast колледжінің жаттықтырушысы 56 жастағы Джон Альтобелли, Джонның қызы Алисса мен әйелі Кери де әуе апатынан қаза тапқанын айтты. Альтобелли бейсболдан Хьюстон университетінде жаттықтырушының бұрынғы көмекшісі болған.. Лос-Анджелес округінің өрт қауіпсіздігі департаментінің капитаны Тони Имбренда «Сикорский S-76B» тікұшағының апат сигналын берген-бермегені туралы ақпарат жоқ екенін айтты. Федералды авиация басқармасының хабарлауынша, тікұшақ 1991 жылы құрастырылған. Федералды авиация басқармасының тіркеу деректер базасына сәйкес, ол Island Express Holding Corp компаниясында тіркелген. Федералды авиация басқармасы және Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңес апатқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр.