Маңғыстауда ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірқатар бағыттағы жолдар учаскесі жабылды.
Облыстың полиция департаментінің хабарлауынша, республикалық маңызы бар "Ақтау-Құрық", "Ақтау-Жетібай", "Жетібай-Жаңаөзен", "Жетібай-Шетпе", "Форт-Шевченкоға" дейінгі 43 шақырым тасжол жабылды.
Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жолаушыларға жолда абай болуды ескертті. Автожолдардың қашан ашылатыны,әзірге белгісіз.
Синоптиктер Маңғыстауда қар аралас жаңбыр жауатынын хабарлады.