Nur Otan партиясы Көкшетау аумақтық филиалы төрағасының орынбасары Зауреш Нұрымова Көкшетау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Асыл Молдияровамен болған кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға бағытталған «Кедергісіз келешек» жобасының жүзеге асуы жөнінде сұрап білді.
«Кедергісіз келешек» жобасы Ақмола облысы орталығында қаншалықты тиімді жүзеге асып жатыр? Мүгедектердің қаншасы жұмыспен қамтылды? Мүмкіндігі шектеулі қанша адам орталықка жұмыс сұрап жүгінді? Мұндай жандарға кәсіби білім беру қаншалықты қарастырыл ған? Жұмыс берушілер оларды жұмысқа алуға құлықты ма? Қанша мүгедекті жұмысқа алу жоспарланып отыр деген сауалдарға нақты жауап алды. Жалпы биылғы жылдың желтоқсан айына дейін мүмкіндігі шектеулі 117 адам жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығына жүгінді. Олардың барлығы дерлік жұмыспен қамтылды.
Оның ішінде 52 адам тұрақты жұмысқа орналасса, квота бойынша – 20, қоғамдық жұмыстарға – 41, жастар тәжірибесіне 4 адам тартылған. Ал 6 адам қысқа мерзімдік кәсіптік білім алып, жұмыс берушілермен келісім арқылы жұмысқа тұрған. Осылайша «Кедергісіз келешек» жобасы Көкшетау қаласы бойынша кедергісіз іске асырылып жатыр.