Аспаз Александр Плотников осылай әлемдік рекордты жаңартты.
Осыған сай аспазға арнайы сертификат табысталды. Аспаз алып асты дайындауға 5 күн кетті деді. Шамамен 22 келі ұн, 16 келі ет жұмсаған.
Әрі барлығын қолдан әзірлегенін жеткізді. Қазақстан рекордтар кітабының өкілі, бұған дейін де ел ішінде алып хот-дог пісірілгенін айтты. Ол кезде оның ұзындығы 12 метр болыпты.
Ал бұл жолы одан екі есе артығымен дайындалғандықтан, рекорд жаңартылып отыр.
Қазақстан гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов: «Басқа елдерде де рекорд жасағандар болды. Ең ірісі қателеспесем 22 метр болған бұған дейін. Яғни биылғы жылы ешқандай өзгеріс болмаса, мұны әлемдік рекорд деуге де болады», – деді.