Nur Otan партиясы Көкшетау қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің төрағасы, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Пётр Губчукпен бірге Красный Яр ауылындағы екі қабатты он үйдің тұрғындарымен кездесті. Дәл қазіргі уақытта Уәлиханов көшесіндегі он үйдің тұрғыны жылусыз отыр.
Тұрғындар биыл "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша баспаналарын орталықтандырылған жылу жүйесіне қосады деп отын, көмір алмаған, мердігерлер оларды жылу жүйесіне қоспағандықтан қазір суық пәтерлерде жан сақтауға мәжбүр.
Көкшетау қалалық құрылыс бөлімінің өкілі Айдын Жеңістің айтуынша, аталған жобамен көкшетаулык Ремвит жобалық ұйымы айналысқан, алайда аталған он үйді жобалық сметалық құжатқа енгізбеген.