Кітап көрмесі ұйымдастырылды
Кітап көрмесі ұйымдастырылды
361
оқылды

Түркістан облысының ау­дан, қалаларында «Елбасы және Қазақстан» тақыры­бында кітап көрмесі ұйым­дастырылды.

«Nur Otan» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының ұйым­дастыруымен де «Тұңғыш Президент – дәуір адамы» атты іс-шара өтті. Отырар ауданындағы кітап көрмесі де жоғары деңгейде ұйымдастырылды.  Онда  «Сын­дарлы он жыл», «Қазақстан жолы», «Елмен сырласу», «Ой бөлістім халқыммен», «Тәуел­сіздік дәуірі» сынды Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы жүріп өткен жолы, жетістіктері жайлы еңбектерімен қатар Елбасы ту­ралы кітаптар оқырман назарына ұсынылды. Ал Ордабасы аудандық ор­талық кітапханасында  өткен көрмеге Елбасының тәуелсіздік жыл­дарындағы жүріп өткен жолы, жетістіктері жайлы еңбек­терімен қоса, Тұңғыш Президент туралы М.Қасымбековтің «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», Б.Сапаралы­ның «Тұңғыш Прези­денттің ба­ла­лық шағы», А.Га­форов­тың «Еліне елеулі Елбасы: Н.Назарбаев – саясат майданы­ның қайраткері», А.Сәулебектің «Елбасының алтын бесігі» және тағы басқа да автор­лар­дың кітап­тары, сондай-ақ Ел­басының іссапардағы, отбасылық естелік суреттері, жеке заттары оқыр­мандар назарына ұсынылды. Оқырмандар Елбасының балалық шағынан бастап, бүгінгі ерен еңбектері жөнінде жан-жақты қамтылған туындылармен танысып, жас ақындар Елбасыға арнаған өлеңдерін оқыды. Дәл осындай іс-шара Түлкі­бас ауданында да жалғасын тапты. Аудандық орталықтан­ды­рылған кітапханада «Еліне тұтқа болған Елбасы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жиында «Еліне тұтқа болған Елбасы» атты кітап көрмесі, құнды құжаттар мен Елбасы өмірінің әр кезеңінен дерек беретін фотомате­риал­дардың таныстырылымы өтті. Партия көшбасшысының өмірі мен елге сіңірген ерен еңбегін наси­хаттайтын бірқатар кітаптар жеке-жеке таныстырылды. Сон­дай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жазған еңбектер мен «Елбасы сүйген Оңтүстік» атты кітап оқыр­ман назарына ұсынылды. Іс-шара барысында аудан өнер­паздары «Арша» триосының әншілері му­зыкалық аспаптар­дың сүйемел­деуі­мен «Үшқоңыр» әнін шыр­қады. Шараға келген қонақтар Елбасының нағыз көшбасшы екенін жеткізіп, алғыс білдірді.

Әбілмансұр ЖАСАН