Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар жауады. Тек еліміздің батысында ғана күн ашық, жауын-шашын жаумайды.
Кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді. Оңтүстікте көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз боран соғады. Желдің екпіні – 15-20 м/с.
Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріледі. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының кей жерлерде көктайғақ болады.
Ақмола облысының кей жерлерде тұман түседі, боран соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында желдің күші – 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Манғыстау облысының кей жерлерінде жолда көктайғақ болады. Маңғыстау облысының солтүстігінде -22 градусқа дейін қатты аяз болады.