Australian Open 2021 кейінге шегерілді
Australian Open 2021 кейінге шегерілді
214
оқылды

Теннистен «Үлкен Дулыға» санатына енетін «Australian Open 2021» турнирі үш аптаға кейін шегеріліп, 8 ақпанда басталатын болды. Бұл туралы турнир директоры Крэйг Тили хабарлады.

Аталған турнир 18-31 қаңтар аралығында өтеді деп жоспарланған болатын. – Ойыншылар 15 қаңтардан бастап екі апталық карантиннен өтуі тиіс. Виктория штатының басшылығы біраз жеңілдік жасап, карантин біткен соң қандай да бір қатал шектеу қоймайтынын мәлімдеді. Олар өздері тұратын орынды таңдап, жаттығу жасап, көрермендер алдына шыға алады, – делінген ұйымдастырушылар мәлімдемесінде. Australian Open дәстүр бойынша маусымашар турнир саналады. Былтыр ерлер арасындағы бәсекеде сербиялық Новак Джокович, әйелдер арасында америкалық София Кенин жеңіске жетті.

Әбілмансұр ЖАСАН