Статистика көрсеткендей, соның басым көпшілігі өмірінде жалғыз қалады екен. Дегенмен соңғы уақытта кішкентай балаға толыққанды отбасында өмір сыйлауға ұмытылған жандар көбеюде. Бұл да бір жақсылықтың нышаны. Тек көңілге кірбің түсіретіні – процестің ұзаққа созылып, құжатбастылықтан бас көтермеуі. «Жетім көрсе жебей жүретін» қазақтың бала асырап алуға келгенде көп мәлесе шешілусіз қалады. Осының себебін анықтауға тырыстық...
[caption id="attachment_92514" align="alignnone" > ©Жұмабек Айқынұлы[/caption] Қазақстандағы бала асырап алу жөніндегі Ұлттық агенттігінің мәлімдеуінше, бала асырап алу үшін құжаттар дайындау – оңай әрі қысқа үрдіс. Бала асырап алуға қажетті құжаттар тізімі Электрондық Үкіметінің – Egov.kz сайтында орналасқан. Ол жерде нақты қандай құжаттың қажет екені көрсетілген:-
асырап алушы ата-ана болуға тілек білдірушілердің жеке куәліктерінің көшірмелері;
-
бала асырап алғысы келетіні туралы және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына тексеру жүргізу туралы өтініш;
-
отбасы жағдайы туралы анықтама (отбасылы адамдарға – неке туралы куәліктің көшірмесі, тұрмыс құрмаған және бойдақтар үшін – некеде тұрмайтыны туралы нотариалды расталған анықтама);
-
ерлі-зайыптылардың біреуінің асырап алуға жазбаша келісімі (егер баланы басқа жұбайы асырап алса);
-
жиынтық табыс мөлшері туралы құжат;
-
тұрғын үйді сатып алу-сату туралы шарттың немесе жалға алу шартының көшірмесі;
-
бала асырап алушылардың денсаулық жағдайы туралы анықтама, оның ішінде психикалық, есірткіге, алкогольге тәуелділіктің жоғы және сотталмағаны туралы анықтама;
«Сараптамамыз көрсеткендей, асырап алушылардың бұған дейін асырап не болмаса қамқорлыққа алған балаларды 4-5 жылдан кейін қайтаруы жиілеп кетті. Соның алдын алу мақсатында биылғы жылдың шілдесінен бастап, бала асырап алушы ата-аналар мектебін оқуы міндеттелді. Олар үш айлық курсты оқып, сертификат алады. Оның ешқандай қиындығы жоқ. Бүінгі пандемия жағдайында ондай курстар онлайн өткізілуде. Оны ұйымдастырып өткізіп жатқан «Аналар үйі» қоры» дейді ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Мақсат Несіпбаев. Бүгінде осындай курс 14 облыс орталығында және 3 маңызды қалада өтуде.Оның айтуынша, бұл курсты кез келген асырап алушы өтеді екен. Асырап алушы көпбалалы ата-ана болса да, одан босатылмайды. «Бұл жерде біз ата-аналарды психологиялық тұрғыда дайындаймыз. Себебі, жетім баланы асырап алу бір бөлек те, ал онымен тіл табысу ол басқа» дейді ол. Негізі бала асырап алатындардың 95 пайызы орташа жалақы алатын қарапайым отбасылар. Ауқатты адамдар тек 5 пайызы бала асырайды. Әлеуметтік қызметкерлердің мәліметінше, ерлі-зайыптының екеуіде жұмыс істемей, әйел – үй шаруасында болып, ер-азамат – отбасының табыскері болса да бала асырай алады. Ең төменгі күн көріс – 42 мың теңге болуы тиіс. Сол құжат ретінде көрсетілсе болғаны. Оған қоса, елімізде әр адамға тіркелген жерінде 14 шаршы метрден кем болмайтыны белгілі. Міне, баланы асырауда өз үйі болмай, жалдап отырса да асыраушы ретінде қарастырылады. Бастысы – жалдап отырғаны расталса болғаны. [caption id="attachment_92516" align="alignnone" > ©Жұмабек Айқынұлы[/caption] – Біздің балалар үйіне жаңа туған сәбиден бастап, 4 жасқа дейінгі кішкентайлар тәрбиеленеді. Қазір бізге 70-ке жуық балалар бар. Соның арасында оның 15 пайызы мүмкіндігі шектеулі жандар. Ал уақытша қамқорлыққа балалардың 30-40 пайызы қалдырған. Негізі бізге асырап алушылар портал арқылы келеді. Әзірге пандемияға байланысты аптасына 1-еу ғана келеді. Баланы асырап алатын болса, онымен 14 күн бойы байланысып, араласуы керек. Содан кейін бланың берілу-берілмеуі шешіледі, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған балалар үйінің директор орынбасары Анаргүл Смағұлова. Отбасылық жұптың да, тұрмысқа шықпаған әйелдің де баланы асырап алу мүмкіндігі бар. Үйленбеген ер адамдар үшін бала онымен бірнеше жыл бірге тұрса, онда бұл ерекше жағдай. Дегенмен баланы асырап алуға мүмкіндігі бар.
Балалар мекемелерін жапқысы келмейтін бұл монолитті жүйені жою өте қиын, өйткені ол кезде қаржыландыру кетеді. Әрине, біз барлық аймақтағы прокурорлармен біріге отырып, осы саладағы үлкен ұрлықтардың бетін ашуға тырысып жатырмыз. Себебі, бұл жүйені жоймай, біз балаларды аман алып қала алмаймыз. Олар сол жүйенің тұтқыны. Егер әр бала отбасын тапса, онда оның өмірге деген көзқарасы мүлде басқа болар еді», - дейді ол. [caption id="attachment_92517" align="alignnone" > ©Жұмабек Айқынұлы[/caption] Бала асырап алушы ата-аналардың көбісі «Бала неғұрлым кішкентай болса, соғұрлым жақсы» деп ойлайды. Жасөспірім – ол да бала, оған әрдайым сүйеніш болатын адам керек. Міне, оның піріне айналады. «Болмасаң да ұқсап бақ» дегендей бала соны үлгі тұтып өседі екен. ҰАО психологтары жалпы баланың жасына қарай бөліп жармай, оған көңіл бөлуіне кеңес береді. Себебі баланың жасы неғұрлым үлкен болса, оны түсіну мен араласу соғұрлым жеңіл болады деп есептейді олар.Ал Қазақстандағы балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Сайнның айтуынша, оған түсетін шағымдар азаяр емес. Әсіресе, асырап алушыдан талап етуге құқығы жоқ құжаттарды заңсыз талап етуі, баланы таңдауға мүмкіндік бермейді. Құжатын бәрін реттеп әкелсе, асырап алатындай бала болмай шығады. Сонда бұл қалай? Балалар үйінде балалар өте көп, оның қай-қайсысы патронат пен қамқоршылыққа берілуі тиіс. Мұның бәрі – балалар мекемелерінің жүйесіне байланысты. Өйткені олар мемлекет тарапынан қаржыландырады. Ал ондай мекемеде әр балаға айына шамамен 200 мың теңге бөлінеді. Неғұрлым бала көп болса, соғұрлым ақша да көп. Сол үшін де балалар үйін жапқысы келмейді.
Айтуынша, олар өздерінің қайдан және қалай келгенін беске біледі. Сондықтан икемді болып, отбасылық өмірге шүкіршілік етеді. Жаңа туған нәресте мен 5 жасар сәбидің де 7-14 жастағы балалар сияқты ата-анасының бас тартуын, отбасынан ажырауын, қатыгездікті басынан кешірген. Жас ерекшелігіне қарамастан олардың бәріне күтім мен қамқорлық керек. Бейкүнә нәрестелердің тірідей жетім болуы, олардың ана сүтінен, әке мейірімін көрмеу өсуі – үлкен қасірет. Осыларға демеу болу адамзаттың парызы. Сондықтан жылдар бойы күтумен жүреген ата-ананы баламен табыстырып, отбасылы болуына мүмкіндік беру керек.«Жалпы баланың жаңа отбасыны кішкентайынан немесе ес білген уақытынан бастап асыранды болуында қатты айырмашылық жоқ. Бастысы, бала кез келген ата-анаға көз қуанышы болуы. Балаға да маңыздысы өзін жақсы көретін және қамқор болатын отбасында өсуі. Жасөспірімнің жаңа туған сәбиден айырмашылығы – оның отбасын армандайтыны. Өзге балалар секілді ол да толыққанды отбасында өсіп, жақынының қамқорлығын сезінгісі келеді, - дейді бала асырап алу жөніндегі Ұлттық агенттігінің психологі Нұрсәуле Әбішова.