Ана өз баласын 29 жыл бойы қамауда ұстаған
Ана өз баласын 29 жыл бойы қамауда ұстаған
107
оқылды

Жантүршігерлік оқиға Швецияның Стокгольм қаласында болған. 29 жыл бойы қамауда болған ер адамды полиция қызметкерлері құтқарып алған. Insideedition.com-ның дерегінше, оны өз анасы құлдықта ұстаған екен.

Ол 12 жасында ұлын мектептен алып кетіп, 29 жыл бойы үйінде қамап ұстағаны анықталды. Оны ер адамның туыстары әшкере еткен. Зардап шегуші әбден жүдеп-жадап кеткен. Тіпті, тістеріне дейін түсіп қалған. Міне, осындай әлсіреген күйде үй ішінен табылған.

Куәгерлердің айтуынша, пәтерді жағымсыз иіс жайлап, үй іші қоқысқа толып кеткен. "Шаң-тозаң өз алдына, нәжістің иісі шығып тұратын. Үйді жылдар бойы ешкім жинамағаны бірден байқалды", - дейді жігітті құтқарған туысы. Сонда 41 жастағы ер азамат бейшара күйде өмір кешкен.

70 жастағы кейуанаға "заңсыз бас бостандығынан айыру және дене жарақатын салу" баптары бойынша айып тағылған. Бірақ ол ұлына зорлық-зомбылық көрсеткенін жоққа шығаруда. Ұлын қамауда ұстағанын да мойындамай отыр. Ол баласы ересек екенін және үйден өз еркімен шығуға ерікті болғанын алға тартқан. Жергілікті прокурор да Эмма Уолсон ананың баласын қамауда ұстап, сыртынан құлыптап отырғаны жайында нақты дәлел жоғын жеткізді.