Қазақстандық ММА файтері Шавкат Рахмонов (13-0) UFCRussia-ға берген сұхбатында келесі жылдағы жоспары жайлы айтты.Бұл туралы Aikyn.kzProsports.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды.
Қазан айында «Номад» UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Абу-Дабидегі турнирде бразилиялық Алекс Оливейраны жеңді. Осы жеңістен кейін Рахмонов Дональд Серронені айқасқа шақырды.
- Дональд Серронемен жекпе-жек өткізу ойымда болды. Октогонға шақырғым келді. Ол өзінің салмақ дәрежесін өзгертті. Енді шақырудың қажеті шамалы.
Мен сегізбұрышқа наурыз айында оралуды жоспарлап отырмын, жалпы қаңтарда жекпе-жек өткізгім келді, бірақ бұл ай бос емес. Келесі жылы үш жекпе-жек өткізгім келеді.