Француздардан 12 гол жіберіп алған қазақстандық қақпашының балағат сөздері жазылған видео таралды (+18)
Француздардан 12 гол жіберіп алған қазақстандық қақпашының балағат сөздері жазылған видео таралды (+18)
138
оқылды

Футболдан 2021 жылы өтетін әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аяқталды. Соңғы турда Қазақстан әйелдер құрамасы Франция құрамасымен кездесіп, 12:0 есебімен ойсырай жеңілді. 12 гол жіберіп алған Қазақстан құрамасының қақпашысы Ирина Сандалова тіліне ерік беріп, балағаттаған сөздері видеоға жазылып, желіде таралды.

Кездесу Ванна қаласында өтті. Иван Азовскийдің шәкірттері 1-таймда-ақ қақпаға 7 гол дарытып алды. Екінші таймда француздар тағы жауапсыз 5 доп салды. Осылайша Қазақстан құрамасы өз тобында соңғы орын алды. Біздің қақпаға бас-аяғы 43 доп кірсе, 2 рет қазақстандықтар қарсылас қақпасының кілтін таба алды. https://twitter.com/i/status/1335500385604296704