«Ресейдікінен күшті» – қазақстандық ғалым COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаның артықшылығын айтты
«Ресейдікінен күшті» – қазақстандық ғалым COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаның артықшылығын айтты
207
оқылды

Қазақстанда коронавирусқа қарсы дайындалып жатқан вакцинаны жасаған ғалым, профессор Лесбек Күтімбетов отандық вакцина туралы айтты.

Оның айтуынша, сөзінше, БҒМ Ғылым комитетінің биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми зерттеу институты 5 вакцина дайындап жатыр. Екеуі сынақтан өтіп жатыр.

«Бірінші вакцина – инактивтендірілген вакцина биыл мамырда ДСҰ-ға тіркелген. Клиникалық кезеңге дейінгі сынақтан өткен. Енді коңғы кезең – маймылдарға тексеріліп жатыр. Екінші вакцина – суббірліктік вакцина тамызда тіркелген. Бұл өнім де клиникалық кезеңге дейінгі сынақтан өтті. Екеуінің де нәтижесі жақсы, екеуі де қауіпсіз, тиімділігі жоғары», – деді Лесбек Күтімбетов.

Оның ішінде, QazCOVID-in вакцинасы адамға салынған. Қазір сынақтың 2 фазасынан да өтті. Зерттеулер оң нәтиже көрсетті. Күтімбетовтің айтуынша, желтоқсанның соңында QazCOVID-in вакцинасының 3-сынағы басталады. Сынақ сәтті өтсе, Денсаулық сақтау министрлігінің мақұлдауынан кейін көпшілікке пайдалануға болады. Оның айтуынша, қалған 3 вакцинаның екеуі векторлық, үшіншісі – гендік инженерия ғылымының жемісі. «Вирус штамдары алынды. Өндіріс негізі дайын. Тек өндіріс технологиясын стандартизациядан өткізіп, иммунибиологиялық қасиетін бағалау қалды. Бесінші вакцина – тірі вакцина. Келесі жылы қаңтардан бастап оның вакциналық қасиетін тексеретін боламыз. Иммуногендік қасиеті бойынша бұл вакциналар бірінен бірі аса ерекшеленбейді. Тек дайындау технологиялары бойынша ғана өзгеше. Инактивтендірілген вакцина вирулентті вирустан жасалады. Біз оларды өлтіріп, иммуностимулятор препараттармен қалыпқа келтіреміз. Суббірліктік вакцина үшін вирустың тек сыртқы ақуыздары ғана алынып, басқа микроағзаға қондырылады. Содан өсіп шыққан биомассаға адъюванттар (иммуностимуляторлар) қосылып вакцина жасалады. Векторлық вакциналарға адъювант қосылмайды. Мұндай вакциналарды әлемнің көптеген елі ойластырып жатыр. Ал тірі вакцинаны Үндістан мен Қазақстан ғана ойластырып жатыр. Басқа елдер жайлы естімеппін», – дейді профессор «Қазақпаратқа» берген сұхбатында.

Лесбек Күтімбетов қазақстандық вакцина иммуногендік қасиеті бойынша ресейлік «Спутник V»-дан күштірек болатынын айтты.