«Аграрлық несие корпорациясы» WhatsApp-та тараған видеоға байланысты ішкі тергеуді бастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мессенджерлер жас жігіттің былапыт сөздер айтып және бір үстел басында отырған адамдармен дөрекі сөйлескен видеоны жолдап жатыр. Хабарламада видеодағы «кейіпкер» «Аграрлық несие корпорациясының» менеджерлерінің бірі екендігі айтылған.
Этикалық себептерге байланысты бейне жарияланбайды.
Корпорацияның маркетинг және PR қызметі жазбаны көргендерін растаған.
«Біз бүгін бұл хабарды мессенджерлерден алдық. Бұл факті бойынша қызметтік тергеу басталды. Нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады. Оқиға жұмыс уақытынан кейін корпорацияның кеңсесінен тыс жерде болған», – деп түсіндіреді маркетинг және PR қызметі.
«Ауылшаруашылық несие корпорациясы» 2001 жылы құрылды. Бұл агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын, ауылшаруашылық өндірісін дамытудың басым бағыттары бойынша несиелеу бағдарламаларын жүзеге асыратын ірі қаржылық ұйым. Корпорация «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің компаниялар тобына кіреді.