«Қауіпсіздік сертификат интернетті пайдалану, қауіпсіздік үшін қажет. Былтыр біз сертификатты қолдануға қатысты алғашқы жаттығуларды өткіздік. Биыл да кибер жаттығуды бір тәулік ішінде сынап көрдік. Бұл оқу-жаттығулар бізде жыл соңына дейін созылды. Қазақстанда сайлау келер жылы 10 қаңтарда өткізіледі. Біз жаттығуды жоспарлаған кезде сайлау туралы білмедік. Кибер жаттығудың сайлауға ешқандай қатысы жоқ», – деді комитет басшысы Руслан Әбдіқалықов.