Бақытжан Сағынтаев Алматыда карантин қандай жағдайда күшейтілетінін айтты
Бақытжан Сағынтаев Алматыда карантин қандай жағдайда күшейтілетінін айтты
138
оқылды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирус жұқтырғандар саны күніне 100-150-ге жеткен жағдайда карантиндік шектеу шаралары күшейтілетінін айтты. 
«Егер коронавирусқа шалдыққандар саны күніне 100-150 адамға жетсе, біз карантиндік шектеу шараларын біртіндеп күшейтетін боламыз», – деді Сағынтаев брифингте.
Оның айтуынша, қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды реттеу алгоритмі жазда қабылданған.  Карантин ауруханаларға түскен науқастар санына байланысты күшейтіледі.