Мамандар шаш түспеу үшін не істеу керектігін айтты
Мамандар шаш түспеу үшін не істеу керектігін айтты
216
оқылды

Шаш көп жағдайды дәруменнің жетіспеуінен түседі. Әсіресе, B12 витаминінің шаш үшін маңызы зор, - деп жазады express.co.uk

Ағылшын трихологы Филипп Кингслидің айтуынша, дәрумендер қанда қызыл денешіктер түзіп, жасушаларға оттегі жеткізетін арна құруға көмектеседі. Ондай жасушалардың ішінде шаш талшығы да бар дейді білікті маман. Ал ағзада B12 дәрумені жеткіліксіз болса, шаш талшығына баратын оттегі азайып, шаштың өсуі тоқтай бастайды екен.

Филипп Кингсли шаштың түсуін тоқтататын дәрумендер жемісте, сиыр мен тауықтың бауырында, күйіс қайтаратын жануарлардың еті мен сүтінде, балықта, ірімшік пен йогуртта болатынын айтады. Сонымен қатар арнайы дәрумен қоспасын сатып алып ішуге болады екен.

Маманның айтуынша, етті қуырудан барынша абай болған жөн, өйткені қуырылған еттің құрамында көптеген пайдалы, қоректік заттар жойылып кетеді. Дәрумендер де азаятын көрінеді. Ал диетолог Райан Раманның пікірінше, шаштың өсуіне авокадо мен бататтың пайдасы зор. Батат жемісінің құрамында бета-керотин кездеседі. Ол шаштың өсуін жылдамдатады.